«Барыс» Астана қаласында «Сибирь» командасымен екі бақылау ойынын өткізеді

«Барыс» Астана қаласында «Сибирь» командасымен екі бақылау ойынын өткізеді
Хоккей

Prosports.kz

Жаңа маусымға дайындық блйынша «Барыс» хоккей клубы елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен екі бақылау ойынын өткізеді. 

Алғашқы ойын 1 қыркүйекте қазақстандық уақытпен 17:00–де басталса, келесі ойын 2 қыркүйекте 18:00–ге қойылған. Бұл ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

 Сонымен қатар, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойғанын атап өткіміз келеді.