Отандасымыз Елена Рыбакина US Open турнирін аяқтады

Championat.com
Спортшымыз әлемнің 60-ракеткасына есе жіберіп алды.
Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Елена Рыбакина US Open жарысын төртінші айналымда бітірді.
Қазақстандық теннисшінің төртінші айналымда қарсыласы әлемнің 60-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушова болды.
Әлем бойынша 60-ракеткасы есептелінетін теннисші осы уақытқа дейін 2023 жылы Уимблдон жеңімпазы болса, Рыбакина бір жыл бұрын осы аталмыш турнирде жеңіске жетіп еді. Елена есепті теңестіргенімен, ең соңғы сәтте Вондроушова брейк жасап, 6:4 есебімен алға шықты. Екінші партияда Рыбакина 7:5 есебімен жеңеді. Алайда, үшінші сетте чехиялық спортшыға есе жіберіп, 6:2 нәтижесімен матчты аяқтайды.
Бір сағат 51 минутқа созылған бұл кездесуде Елена 5 эйс орындап, 6 брейк-пойнттың жартысын ұтымды қолданды. Ал Вондроушова 13 эйс жасап, 7 мүмкіндіктің бесеуін сәтті жасайды.
Енді Маркета Вондроушова жартылай финалға жолдама үшін әлемнің 1-ракеткасы саналатын Арина Соболенкомен кездесетін болады.