Ришат Хайбуллин Азия кубогының жеңімпазы атанды

Prosports.kz
Спортшымыз құзға өрмелеуден "жылдамдық" санатында үздік деген атқа ие болды. Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басып озды.
Ал үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) жайғасты. Әйелдер арасында Анна Баларшина бірінші болып мәреге жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны кейінге қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева қорытындылады.
Спорттық құзға өрмелеуші тамыз айында Қытайда өткен Дүниежүзілік ойындарда қола медаль жеңіп алған. Бірінші орынды Қытай спортшысы Цзянь Го Лун иеленді. Екінші болып Индонезия өкілі Киромал Катибин мәреге жетті.
Әмір Маймұратов – 15-орын, Бекнұр Алтынбеков – 23-орын, Дамир Тоқтаров – 28-орынға тұрақтады.