Әли Әлиев алдағы матчтарға қатысты пікір білдірді

Azattyq-ruhy.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс пен Бельгияға қарсы өтетін алдағы матчтарға дайындық туралы айтты.
Бапкердің айтуынша, ең үлкен қуаныш – барлық футболшылардың денсаулығы қалыпты. Сондықтан оқу-жаттығу жиынына толық қатыса алады. Дегенмен дайындық барысына ойыншылардың әртүрлі жағдайы әсер етуде. Кейбірі 1-2 күн бұрын ғана толыққанды матч өткізген. Енді біріне қалпына келу керек. Ал бірқатары құрамаға 28 тамызда қосылған. «Бәлкім, бұл ең қиын циклдердің бірі.
Чемпионат пен кубоктағы ойындар кейінге шегерілді. Сондықтан футболшылардың жүктемесі біркелкі түскен жоқ. Қазір біз медициналық тексерулер мен тесттер өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз – команданы бір қалыпқа келтіру. Ұлттық құрамада қиындықтар жеткілікті. Бірақ бәрін тең жағдайға жеткізу үшін, жұмыс істеп жатырмыз», – деді Әлиев.
Еске салайық, алдағы Уэльске қарсы ойын 4 қыркүйек күні Астана қаласында, 19:00-де өтеді.