Бүгін футболдан Әйелдер лигасында ХХ турдың бес ойыны болады

Kffleague.kz
Әйелдер лигасының бес ойын бүгін өткізілсе, екеуі 3-4 қыркүйек күні өтеді. Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.
Сол себептен спортшылар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар мүмкіндіктерін қолданатыны анық.
Ойын кестесі: 1 қыркүйек «Жеңіс» (Астана) — «Қызылжар» (Петропавл)
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Елімай»
(Семей) «Атырау» — «Қайрат» (Алматы)
«Тобыл» (Қостанай) — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Қайсар» (Қызылорда) — «Астана»
3 қыркүйек «Жетісу» (Талдықорған) — БИІК (Шымкент)
«Томирис-Тұран» (Шымкент) — «Ақтөбе»
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған.
Өткен жылғы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген. Әр командада кем дегенде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуы керек деген талап қойылды.