Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Бокс

70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы ересектер санатындағы алғашқы әлем чемпионатын сәтті бастады

Жас былғары қолғап шебері жаһандық доданың 1/16 финалында Алжир өкілі Ислам Ячимен кездесті. Отандасымыз шаршы алаңда шеберлік танытып, қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. 

Нәтижесінде, жастар арасындағы Азия және Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан 3:2 есебімен келесі кезеңге жолдама алды. Енді ол 1/8 финалда нидерландылық боксшымен жұдырықтасады.