Геннадий Головкиннің есімі – әлемдік Даңқ төрінен көрінбек

Olympic.kz
Қазақстандық бокс жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Атақты Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енгізілуге ұсынылды, деп хабарлайды Bassport.kz The Ring басылымына сілтеме жасап.
Егер отандасымыз дауыс беру нәтижесінде жеңіске жетсе, ол Қазақстан тарихында алғаш рет осы мәртебеге ие болған спортшы атанбақ.
2026 жылға арналған кандидаттар тізімінде Головкинмен бірге америкалық Вернон Форрест пен ирландиялық Стив Коллинз те бар. Дауыс беру қорытындысы желтоқсан айының басында белгілі болады.
Халықаралық бокс даңқы залы (IBHOF) АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан. Жыл сайын түрлі санат бойынша ең мықты боксшылар мен спортқа еңбегі сіңген тұлғалар енгізіледі. Қазірге дейін Қазақстаннан ешкім бұл құрметке ие болмаған. Посткеңестік кезеңінен Константин Цзю, Рой Джонс-кіші, сондай-ақ Владимир мен Виталий Кличко есімдері бар.
Головкин – қазақстандық спорттың ең танымал өкілдерінің бірі. Оның әлеуметтік желілерде 5 миллионға жуық оқырманы бар. 16 жылдық кәсіби мансабында ол орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдарының белбеулерін иеленді. Барлығы 45 жекпе-жек өткізіп, тек екі рет Сауль «Канело» Альвареске есе жіберген. Тағы бір айқасында Канеломен тең түскен. Соңғы жекпе-жегін ол 2022 жылы өткізгенімен, мансабын ресми түрде аяқтаған жоқ.
Бүгінде Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің және World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы.