Қазақстандық жауынгер Бекзат UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық жауынгер Бекзат UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді
Жекпе-жек

Chris Unger/Zuffa LLC

UFC ұйымы қазақстандық файтер Бекзаттың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады. 

Отандасымыз 22 қараша күні Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде Александр Топуриямен (6-1, UFC-де 1-0) кездеседі. Бекзат бұған дейін UFC-де екі мәрте октагонға шығып үлгерген: бір жекпе-жегінде жеңіске жетсе, екіншісінде қарсыласына есе жіберген. Енді ол үшінші айқасында маңызды нәтиже көрсетуге ниетті. 

Айта кетейік, дәл осы кеште тағы бір қазақстандық спортшы – Асу Алмабаев та октагонға шығады. Ол америкалық Алекс Переспен кездеседі.