Өскеменде хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Өскеменде хоккейден Азия чемпионаты өтеді
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

 5-8 қараша күндері Өскеменде әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамаларымен жүлдеге таласады. Осыдн бір жыл бұрын құрлықтық бәсеке алғаш рет Қытайда өткен. Онда біздің қыздар қола жүлдеге қол жеткізген еді. 

Арада біраз уақыт өткеннен кейін аталған құрамалар қысқы Азиада аясында кездесіп, онда Қазақстан құрамасы өзінің басты қарсыластары Қытай мен Кореяны жеңген. 

Қазақстан әйелдер құрамасы араға 9 жыл салып өз жанкүйерлері алдында өнер көрсетеді. Соңғы рет еліміз 2016 жылы қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирін қабылдап, төртжылдықтың басты бәсекесіне іріктеудің екінші кезеңінде қыздарымыз жеңіске жеткен еді.