Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы жарияланды

Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы жарияланды
Басқа

Olympic.kz

24-30 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 16 салмақ дәрежесінде (8 ер, 8 әйел) он алты спортшы қорғайды. Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер: Бекзод Қадірқұлов (54 келі), Тамирлан Тілеулес (58 кг), Самирхон Абабакиров (63 келі), Дамир Шуленов (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Нұрлан Мырзабаев (87 келі), Бейбарыс Қабылан (87+ келі).

Әйелдер: Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьяновп (57 келі), Айша Әділбекқызы (62 келі), Нұрай Хусайнова (67 келі), Назым Махмұтова (73 келі), Евгения Каимова (73+ келі). 

Бас бапкер - Есбол Сұлтанов.