Елдос Сметов Олимпиаданың алтын медалі үшін сыйланған көлігін сатуға шығарды

Елдос Сметов Олимпиаданың алтын медалі үшін сыйланған көлігін сатуға шығарды
Дзюдо

Reuters

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов төртжылдықтың басты бәсекесіндегі жеңісі үшін сыйға алған көлігін сатуға шығарды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл хабарландыруды Олимпиада чемпионы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасының Stories-інде жариялады.

“Жұғысты болсын деп алушылар болса, үлгеріңіздер”, - деп жазды Елдос Сметов.

Көлік 45 млн теңге деп бағаланған.