Бокстан жаңа ұлттық құрама жасақталды - Мерей Ақшалов

Бокстан жаңа ұлттық құрама жасақталды - Мерей Ақшалов
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы

Осыдан бірнеше күн бұрын Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

- «Ел чемпионаты аяқталған соң, әр салмақтан 3-4 боксшы ұлттық құрамаға кірді. Әр боксшы алдағы халықаралық жарыстарға қатысып, өзін көрсетуге мүмкіндік алады. Арасындағы үздіктері келесі жылы өтетін Азия ойындарына қатысады», - деді Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов «Qazsport алаңы» ток-шоуында.