Нодира Ахмедова мен Самирхон Абабакиров 1/8 финалға шықты
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін әйелдер 49, ерлер 63 келі салмақ дәрежелерінде сынға түсуде, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Нодира Ахмедова мен Самирхон Абабакиров алғашқы кездесулерін сәтті өткізіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Ширек финал жолдамасын Нодира Ахмедова канадалық Джозефа Кафадармен, Самирхон Абабакиров сенегалды Бокар Диоппен сарапқа салады.