Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионымен кездеседі

Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионымен кездеседі
Бокс

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы қазақстандық былғары қолғап шебері өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Жекпе-жекте үш белбеу сарақа салынады. 

“Бұл - орта салмақтағы үздік жекпе-жек! Qazaq Style Куба стиліне қарсы! Бұл - чемпиондар шайқасы, бокстың жоғары деңгейі! Жанкүйерлер күткен жекпе-жек 6 желтоқсанда өтеді. Мен үшінші әлем чемпионы атағымды жеңіп аламын”, - деп жазды Әлімханұля әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Боксшылар 6 желтоқсанда Техас штатының Сан-Антонио қаласында жұдырық түйістіреді.