Қазақстанның Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

Қазақстанның Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

5-8 қарашада Өскеменде әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан командасының чемпионатқа қатысатын нақты құрамы жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Команданың нақты құрамына 23 хоккейші - 3 қақпашы мен 20 алаң ойыншысы енді.

Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі де - «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Дария Молдабай (А), Александра Воронова (барлығы - «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де - «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Турсынова (барлығы - «Айсұлу»);

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова (А), Пернеш Ашимова, Лариса Свиридова (екеуі де - «Айсулу»), София Зубкова, Дильназ Саяхаткызы, Мунира Саяхаткызы (барлығы - «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (К), Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы - «Томирис»), София Муравьева, Мадианна Нусупова (екеуі де - «Айсулу Тандаулы»).

Бапкерлер штабы:

Бас бапкер – Александр Тебеньков

Бапкер - Жасулан Оразбаев

Қақпашылар бапкерә - Дарья Дмитриева

Жалпы дене жаттығуы бойынша бапкер – Дмитрий Колодюк

Бас менеджер – Виктория Сазонова