Сербияда бапкер матч барысында көз жұмды
Футбол
Сербияның “Раднички 1923” клубының бас бапкері Младен Жижович матч кезінде есінен танып, артынша көз жұмды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай Сербия чемпионаты 14-туры аясында өткен матч барысында болған. Ойынның 22-минутында бапкердің жағдайы нашарлап, ол қосалқы құрам отыратын жерде есінен танып, құлап қалған. Оған жедел көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілгенімен, Жижович көз жұмған.