Қазақ гимнасшылары Испаниядағы әлем чемпионатында бақ сынайды
Гимнастика
Olympic.kz
5 қарашада Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жаһан біріншілігінде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Команданың құрамы келесідей: Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина. Қазақстандық спортшылар жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас сындарда өнер көрсетеді. Бұған қоса, ерлер құрамасы командалық есепте жүлдеге таласады. Жарыс 9 қарашада мәресіне жетеді.