Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Сарыарқаға" қайта оралды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы
Хоккей

IIHF

Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владимир Волков "Сарыарқаға" қайта оралды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы қарағандықлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Шабуылшы маусым басында астаналық "Барыспен" екіжақты келісімшарт жасап, Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасаған. Ол елордалық ұжым құрамында 8 ойынға қатысып, 2 (1+1) ұпай еншілеген еді. Ал Қазақстан чемпионатында "Номад" құрамында ойнаған ол 5 ойында үш нәтижелі паспен көзге түскен.