Хоккей: Минскідегі турнирге қатысатын хоккейшілердің есімі жарияланды

Хоккей: Минскідегі турнирге қатысатын хоккейшілердің есімі жарияланды
Хоккей

5-8 қараша күндері Минскіде өтетін Президенттің спорт клубы Кубогы турниріне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Командамыз Беларусьтің U17 және U18, Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен сынға түседі. Жарысқа қатысатны қазақстандық хоккейшілер тізімі келесідей: 

Қақпашылар: Арсений Кучковский, Кирилл Мыльников («Барыс»), Елисей Плотников (Академия «Авангард»);

Қорғаушылар: Темирлан Айболулы, Макей Громов, Расул Турсынов, Вадим Фирса («Барыс»), Артем Гасников, Родион Домрачев («Торпедо»), Владимир Ткачев («Бейбарыс»), Ильяс Жумадильдинов («Астана);

Шабуылшылар: Ансар Алдонгар, Таир Бигаринов, Рауан Кайыржан, Роман Лазаренко, Илья Рахманин, (барлығы - «Барыс»), Владислав Ануфриев, Данил Челюк (екеуі де - «Торпедо»), Даниил Вагнер, Никита Маринин, Адам Стариненко («Кармет»), Богдан Залевский («Арлан»), Михаил Коленко («Ладья»).

Бапкерлер штабы: 

Бас бапкер – Максим Худяков

Бапкерлер: Алексей Обухов, Игорь Желтоножко

Қақпашылар бапкері – Александр Колюжный