“Қайраттың” турнирлік кестедегі жағдайы қандай
Футбол
УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі 4-туры аясында “Қайрат” сырт алаңда “Интермен” кездесіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алматылық ұжым чемпионат аясында өткізген төрт ойынның үшеуінде жеңіліс тауып, тағы бір матчта қарсыласымен тең түсті. Қоржынындағы бір ұпаймен Рафаэль Уразбахтин бастаған команда турнирлік кестеде 34-орында тұр.
Ал италиялық “Интер” болса, төрт ойынның төртеуінде де жеңіске жетіп, 12 ұпаймен үздік үштіктің қатарында келеді.