Роман Старченко Қазақстан чемпионатындағы алғашқы шайбасын соқты
Хоккейден Қазақстан чемпионаты - Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионаты аясында астаналық “Номад” өз айдынында Петропавлдың “Құлагер” командасын қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Матч 6:1 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Ойында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Роман Старченко бүгін ел біріншілігіндегі екінші кездесуін өткізіп, нәтижелі соққымен және екі нәтижелі паспен көзге түсті.
Номад (Астана) - Құлагер (Петропавл) 6:1 (2:0, 3:0, 1:1)
1:0 - Гатиятов (Диханбек, Гусейнов) - 03:23 ГБ
2:0 - Ляпунов (Бойко, Старченко) - 03:45
3:0 - Старченко (Бойко, Ляпунов) - 24:44
4:0 - Мигунов (Ляпунов, Мангисбаев) - 33:59
5:0 - Бойко (Старченко, Ляпунов) - 37:26
5:1 - Шапорев - 45:58
6:1 - Ляпунов - 46:30
Қақпашылар: Калмыков - Осокин
Қазіргі таңда Константин Пушкарев бастаған “Номад” 46 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орында келеді.