Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында тағы да жеңіліс тапты

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында тағы да жеңіліс тапты
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Өскеменде өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің кезекті матчында қыздарымыз Қытай құрамасына қарсы ойнаған еді. Қарсылас қақпамызға жауапсыз алты шайба соғып, сенімді жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыста екінші мәрте жеңіліс тапты. Қытай – Қазақстан - 6:0 (1:0, 2:0, 3:0)

1:0 – 07:28 - Ян Дзинлэй

2:0 – 34:06 - Джан Биян (Ли Ке)

3:0 – 39:50 – Йе Вэнсяо (Гао Дзэе)

4:0 – 44:29 – Ван Ифан (Жао Чинан) ГБ

5:0 – 47:30 – Хан Сян (Жао Чинан, Джан Биян) ГБ

6:0 - 51:42 - Тиэн Ювей (Хан Сян, Ли Вэндзя) ГБ Қақпашылар: Лай Гуймин – Щеколова

Алғашқы ойында отандастарымыз Жапониядан да аналогиялық есеппен жеңіліс тапқан еді. Ертең Александр Тебеньков бастаған құрама турнирдегі үшінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.