“Барыс” қатарынан үшінші рет жеңілді
“Барыс” - “Автомобилист” / Сурет: “Барыс” ХК
“Барыс” Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчын “Автомобилистке” қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бүгінгі ойында алғашқы минуттан бастап Никита Бояркин қақпа қорғады, матч есебін бірінші кезеңде айдын иелері ашты. Шайба авторы - Джейк Масси. Одан соң “Автомобилист” таразы басын теңестіріп, артынша есепте алға шықты. Екінші кезеңде айдын иелерінің таблодағы көрсеткішті тең ететін мүмкіндігі болған, алайда Мэйсон Морелли айып соққысын орындауда мүлт кетті. Осы жиырма минуттықтың ортасында екатеринбургтік ұжым үшінші шайбасын соғып, ойын соңында бос қақпаны дәл көздеп, есепті 1:4-ке жеткізді. “Барыс” қатарынан үшінші ойында жеңілді.
“Барыс” - “Автомобилист” - 1:4 - (1:2, 0:1, 0:1)
1:0 - 09:48 - Масси (Қайыржан, Өмірбеков)
1:1 - 14:24 - Шаров (Да Коста, Буше)
1:2 - 18:42 - Шашков (Хрипунов, Воробьев)
1:3 - 31:03 - Тарасов (Осипов, Бывальцев)
1:4 - 59:07 - Буше БҚ
Қақпашылар: Бояркин - Аликин