Бейбіт Жукаев Новак Джоковичпен жаттығу өткізді
Новак Джокович пен Бейбіт Жукаев / Сурет: Telegram - “Рыбакинаның ракеткасы”
Бейбіт Жұқаев Новак Джоковичпен бірге жаттығу өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл күндері Дубайда теннисшілердің жаңа маусымға қызу дайындығы жүріп жатыр. Олардың қатарында қазақстандық теннисшілер де бар.
Қазақстан құрамасының мүшесі Бейбіт Жукаев жаңа маусымға дайындық барысында аты аңызға айналған Новак Джоковичпен бірге бір кортта жаттығу өткізді. Жыл сайынғы Қазақстан теннис федерациясының оқу-жаттығу жиынына Жукаевтан бөлек ұлттық құраманың Юлия Путинцева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Денис Евсеев сияқты басқа да теннисшілері қатысуда.
Еске салайық, теннистен жаңа 2026 жылғы маусым қаңтарда басталады. Жылдың алғашқы “Үлкен дулыға” жарысы 12 қаңтарда Аустралияда жалауын желбіретеді.