Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына дайындық жоспары жарияланды

Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына дайындық жоспары жарияланды
Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы / Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы

19-25 қаңтар күндері Ыстамбұлда 18 жасқа дейінгі қыздар арасында ІІ дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты өтеді. Былтыр Қазақстан құрамасы осы жарыста күміс жүлдеге қол жеткізген еді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Биыл біздің қыздарымыз Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Нидерланд, Латвия және Түркия құрамаларына қарсы ойнайды. Өткен жылғы әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы І дивизионның В тобына жолдама алған Ұлыбританияға ғана жол берген. Жарыс иесі Түркия биыл осы дивизионда өнер көрсетеді, былтыр бұл құрам ІІ дивизионның В тобында топ жарған. Ал Оңтүстік Корея командасы болса, былтыр өз тобында (ІВ) соңғы орын алып, биыл екінші дивизионда бақ сынайды. 

Команданың бапкерлер штабы әлем чемпионатына дайындық жоспарын жариялады. 4 қаңтарда қыздар Өскеменде оқу-жаттығу жиындарына жиналады. Бірінші кезеңнен кейін, құрама Түркияға аттанады. Осылайша, турнирге дайындықтың екінші кезеңі 14-18 қаңтар аралығында жарыс өтетін Ыстамбұлда өткізіледі. Онда Мария Федоренко шәкірттері бір жолдастық матч өткізеді, қарсылас кейінірек белгілі болады. 

Ал қыздарымыздың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы Жаңа Зеландия құрамасы болып, матч 19 қаңтарда өтеді.