Қазақ зілтеміршісі Ислам ойындарында үш алтын жеңіп алды

Қазақ зілтеміршісі Ислам ойындарында үш алтын жеңіп алды
Басқа

Тұрар Қазанғапов

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ауыр атлет серпе көтеруде 210 келіні бағындырып, топ жарды. Сондай-ақ, ол көпсайыс қорытындысында 385 келіні еңсеріп, тағы бір алтынды қанжығасына байлады. 

Нұрғиса Әділетұлы бұған дейін жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырып, Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ойындарының жеңімпазы атанған еді.