Қазақтың мерген қыздары әлем чемпионатында жүлде еншіледі

Қазақтың мерген қыздары әлем чемпионатында жүлде еншіледі
Басқа

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Еліміздің әйелдер құрамасы жаһан біріншілігі үздік үштігін түйіндеді. 

Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова 50 метрге үш қалыпта ату бағдарламасында қола медальға қол жеткізді. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырса, күміс жүлдені Швейцария еншіледі. Айта кетейік, әлем чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.