Қазақстан Ислам ойындарында каратеден алтын жүлде иеленді
Басқа
Нұрғали Жұмағазы
Каратеден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деа хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық каратеші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті.
Нәтижесінде Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.