Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының кестесі жарияланды

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының кестесі жарияланды
Басқа

Olympics.com

2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының кестесі жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Төрт жылдықтың басты бәсекесі 14 шілде мен 30 шілде аралығында өтеді. Жарыстың ұйымдастырушылар комитеті ашылу салтанаты 14 шілдеде өтетінін, бірақ сайыстар бірнеше күн бұрын басталатынын хабарлады.

12 шілдеде көгалдағы хоккей, баскетбол, регби, гандбол, крикет, су добы мен футболдан іріктеу жарыстары басталады. 

Ал үш күннен кейін, яғни 15 шілдеде Лос-Анджелестегі Олимпиаданың алғашқы чемпиондары триатлоннан анықталады. Сонымен қатар, бұл күні жеңіл атлетикада, баскетбол, бокс, жүзу, тректегі велоспорт, волейбол мен күрестен жүлделер жиынтығы сарапқа салынады. 

30 шілде күні Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.