Шахматшы қыздарымыз әлем чемпионатындағы қарсыластарын білді

Шахматшы қыздарымыз әлем чемпионатындағы қарсыластарын білді
Шахмат

Қазақстан шахмат федерациясы

18 қарашада Испанияда шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты басталады. Халықаралық шахмат федерациясы турнирдің жеребесінің қорытындысы жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасы "А" тобында өнер көрсетеді. Командамыздың қарсыластары - Ресей, АҚШ, Әзербайжан, Испания, Перу. 

Ал екінші "В" тобында Қытай, Грузия, Украина, Франция, Өзбекстан, Үндістан құрамалары бақ сынайды. 

Чемпионат 24 қарашаға дейін жалғасады. Әр топтан үздік шыққан төрт команда плей-оффқа шығады.