Исламиада-2025: ел қоржынына муай-тайдан алтын жүлде түсті

Исламиада-2025: ел қоржынына муай-тайдан алтын жүлде түсті
Басқа

Тұрар Қазанғапов

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 11-ші алтын медальді салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Финалда Дүйсехан Ирак спортшысы Аяд Албадрды жеңді. Бірінші раундта қарсылас басым түссе, қалған екі раундта жерлесіміз жеңіске жетті.