"Барыс" маусымда алғаш рет сырт айдында жеңіске жетті

Хоккей

"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" Ярославльде "Локомотивпен" кездесіп, маусымда алғаш рет сырт айдында жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойын есебін "Барыс" хоккейшілері ашып, бірінші кезеңнің соңына таман Әлихан Өмірбеков көзге түсті. Екінші кезең нәтижелі шабуылсыз өтті. Ал үшінші жиырма минуттықта Семен Симонов пен Аңсар Шайхмедденов сан басымдығын жүзеге асырып, жарақатынан толық айығып, айдынға қайта оралған Эмиль Галимов "Барыстың" матчтағы төртінші шайбасының авторы атанды. Михаил Кравец бастаған команда маусымда алғаш рет сырт айдында екі ұпай еншіледі. 

"Локомотив" - "Барыс" 0:4 (0:1, 0:0, 0:3)

0:1 – 18:59 – Омирбеков (Уолш, Савицкий)

0:2 – 46:03 – Симонов (Морелли)

0:3 – 50:49 – Шайхмедденов (Данияр, Галимов) ГБ

0:4 – 54:41 – Галимов (Кайыржан, Томпсон)

Қақпашылар: Мельничук– Шил