София Актаева Ислам ойындарында күміс жүлде иеленді

София Актаева Ислам ойындарында күміс жүлде иеленді
Семсерлесу

Нұрғали Жұмағазы

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады. Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста 15:13 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.