Головкин World Boxing ұйымын басқаруға жалғыз үміткер болып қалды
Бокс
Головкин World Boxing ұйымын басқаруға жалғыз үміткер болып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Геннадий Головкин беделді World Boxing ұйымының президенті қызметіне жалғыз үміткер ретінде ресми түрде тіркелді. Грекиялық қарсыласы Харис Мариолис кеше өз кандидатурасын қайтарып алды. Бұған дейін дәл осындай шешімді Владимир Кличко қабылдаған болатын. Осылайша, апта соңында Римде (Италия) өтетін сайлауда Головкиннің жаңа президент болып сайлануы іс жүзінде шешілгендей.
World Boxing 2023 жылдың сәуірінде Халықаралық олимпиада комитеті мен IBA (бұрынғы AIBA) арасындағы қатынастардың үзілгенінен кейін, боксты олимпиадалық бағдарламада сақтау мақсатында құрылған ұйым.