Исламиада: ел қоржынына джиу-джитсудан алтын медаль түсті
Басқа
Нұрғали Жұмағазы
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Бұл салмақта турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Журавлева үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті.
Ол марокколық Ясмин Арбибтен, палестиналық Дания Убайдтан және ирандық Хасти Хаммудиден басым түсті.