Қазақстан Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
Хоккейден Қытайда басталған Азия чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Матчта Иван Степаненко хет-трик авторы атанса, командамыздың тағы бір шайбасын ұлттық құрама капитаны Роман Старченко соқты.
Оңтүстік Корея - Қазақстан - 2:4 (0:1, 1:1, 1:2)
0:1 - 10:10 - Степаненко (Мусоров, Михайлов)
0:2 - 22:40 - Степаненко (Борисевич, Мусоров)
1:2 - 32:47 - Ким Я. (Нам Х., Ли Ю.) ГБ
1:3 - 42:47 - Старченко (Мусоров, Лихотников) ГБ
1:4 - 47:56 - Степаненко (Ляпунов, Борисевич)
2:4 - 58:02 - Кан М. (Ким Дж., Ким С.) ГБ
Қақпашылар: Ли Е. - Калмыков