Қазақ семсершілері Ислам ойындарында топ жарды
Семсерлесу
Тұрар Қазанғапов
Қазақстан құрамасы Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жолы ерлер құрамасы семсер қаруымен айқасудан жүлдеге қол жеткізді.
Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Финалда отандастарымыз Сауд Арабиясы құрамасын 45:29 есебімен жеңді.