“Барыс” қатарынан үшінші рет жеңіске жетті
Елордалық “Барыс” өз айдынындағы алғашқы ойында “Салават Юлаевты” қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойында алдымен уфалық хоккейішлер есеп ашып, одан соң айдын иелері Джейк Массидің шайбасының арқасында таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде команда капитаны Әлихан Әсетов шайба соғып, “Барыс” алға шықты. Осы есеп кездесу соңына дейін өзгеріссіз қалып, астаналық ұжым қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.
”Барыс” - “Салават Юлаев” - 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)
0:1 - 12:14 - Фаизов (Хохряков, Пименов)
1:1 - 15:09 - Масси (Морелли, Гайтамиров)
2:1 - 32:35 - Әсетов (Шайхмедденов, Панюков)
Қақпашылар: Шил - Вязовой