Азия чемпионаты: Қазақстанның шешуші ойынға арналған құрамы белгілі болды
Қазақстан хоккей федерациясы
Хоккейден Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатының шешуші ойынында Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.
Талғат Жайлауов бастаған құрамамыз турнирдегі екі ойынын Оңтүстік Корея мен Қытайға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Жапония болса, айдын иелерін жеңіп, кореялық хоккейшілерден жеңіліс тапты. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Биыл да Азия біріншілігінде топ жару үшін отандастарымызға бір ұпай жеткілікті.
Ал бүгінгі ойынға арналған құрам келесідей:
Калмыков (Пестов)
Степаненко - Михайлов, Ляпунов - Борисевич - Мусоров
Никитин - Оразов, Старченко (К) - Бойко - Мұратов
Диханбек - Бутенко, Гатиятов - Данияр (А) - Гусейнов
Александров - Гребенщиков, Мигунов - Лихотников (А) - Чапоров
Матч Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.