Азия чемпионаты: Қазақстан жарыс иелерін сенімді жеңді
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайдағы Азия чемпионатының екінші матчында жарыс иелеріне қарсы ойнап, сенімді жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Талғат Жайлауов шәкірттері бірінші кезеңнің басында есеп ашып, екінші жиырма минуттықта тағы үш шайба соқты. Қытайлық хоккейшілер есеп айырмасын қысқартқанымен, үшінші кезеңде Батырлан Мұратов тағы бір шайба соғып, дубль авторы атанды.
Қазақстан - Қытай - 5:1 (1:0, 3:1, 1:0)
1:0 - 03:04 - Мусоров (Ляпунов, Борисевич)
2:0 - 26:23 - Александров (Лихотников, Чапоров)
3:0 - 27:52 - Мұратов (Старченко, Бойко)
4:0 - 31:50 - Гатиятов (Бутенко, Данияр)
4:1 - 36:46 - Джен М. (Ван Ц., Хоу Ю.)
5:1 - 55:51 - Мұратов (Старченко, Никитин)
Қақпашылар: Пестов - Чен