Тарихта алғаш рет қазақ халықаралық спорт федерациясын басқарады

Тарихта алғаш рет қазақ халықаралық спорт федерациясын басқарады
Бокс

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин халықаралық спорт федерациясында басшылық қызметке сайланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. Римде өткен Конгресс барысында Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті болып сайланды. Оның өкілеттігі үш жылға созылады. Бұл ел спортшы үшін тарихи сәт. Өйткені, тарихта алғаш рет қазақстандық халықаралық спорт федерациясының президенті қызметіне сайланды. Айта кетейік, World Boxing - 2023 жылдың сәуірінде құрылған халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин ұйымның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды. 2025 жылдың ақпанында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындап, оған боксты әлемдік деңгейде басқару құқығын тапсырды. Ал наурыз айында ХОК бокс спортын 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына ресми түрде енгізу туралы шешім қабылдады.