Мемлекет басшысы Головкинді жаңа қызметімен құттықтады
Бокс
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Римде өткен World Boxing Конгресі барысында ұйымның жаңа президенті болып сайланды. Ол бұл қызметке жалғыз үміткер болған еді.