“Семей” қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

“Семей” қолда тұрған жеңістен айырылып қалды
Футзал

“Семей” ФК

Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчын “Семей” өз алаңында өткізіп, польшалық “Пьястпен” тең түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Кездесудің төртінші минутында Дедезиньо есеп ашты. Екінші таймда Камиль Герейханов гол соқса, Дедезиньо дубль авторы атанды. Алайда польшалық клуб ойыншысы Тейшейра екі минутта қос гол соғып, ойынның соңғы минутында Мартинс Граса таразы басын теңестірді - 3:3. Осылайша, алғашқы ойында “Семей” мен “Пьяст” тең тарқасты. 

Командалардың қарымта кездесуі 5 желтоқсанда Гливицеде өтеді. Польшада өтетін кездесу шешуші рөл ойнамақ. Үздік шыққан ұжым турнирдің ширек финалына жолдама алады.