Рыбакина эйс бойынша әлем үздігі атанды
Теннис
Getty Images
Елена Рыбакина эйс саны жөнінен әлемде үздік атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымның қорытындысы бойынша эйс саны жөнінен ресми түрде көш бастады.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, Рыбакина 2016 жылдан бері бір маусымда эйс санын 500-ден асырған бірінші теннисші атанды.
Қазақстандық спортшы биыл барлығы 516 эйс жасады.
Бұдан бұрын Елена Рыбакина WTA жорамалы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына кірген еді.