+1 клуб: “Шахтёр” жеке кәсіпкер есебінен қаржыландырылады

+1 клуб: “Шахтёр” жеке кәсіпкер есебінен қаржыландырылады
Футбол

Қарағандылық “Шахтеэё” футбол клубы жекеменшікке өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бүгін қарағандылық клубты сату бойынша аукцион өтті. Бұл Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және футболды коммерцияландыру қажеттілігі жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Аукционда клубты Freedom Holding Corp. тобына кіретін, қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды. 

“Шахтёрдың” жаңа иегері клубтың игілігі үшін 18,5 млрд теңге бөледі. Оның ішінде 12 млрд теңге футбол академиясын салуға, ал 6,5 млрд теңге өңірдегі балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуға бағытталады.

Еске салайық, бұған дейін “Қызылжар”

және “Жеңіс” клубтар жекеменшікке өткен болатын.