Қазақстандық файтер UFC ұйымымен келісімшартқа қол қойып, тарихи жекпе-жек өткізбек
Жекпе-жек
Әлеуметтік желі
Қазақстандық спортшы Азамат Бақытов UFC BJJ лигасындағы дебюттік жекпе-жегінің күнін және қарсыласын білді.
Ол 21 мамыр күні өтетін UFC BJJ 8 турнирінде өнер көрсетеді. Орта салмақта өтетін айқаста қазақстандықтың қарсыласы австралиялық Томас Дэвид болады. Айта кетейік, бұл жекпе-жек екі спортшы үшін де аталған лигадағы алғашқы кездесу болмақ.
Маңызды жайт – Азамат Бақытов UFC BJJ тарихындағы Қазақстан ғана емес, тұтас Еуразия атынан шыққан алғашқы спортшы атанбақ.
UFC BJJ — 2025 жылдың маусым айында құрылған UFC ұйымының еншілес лигасы. Мұнда бразилиялық джиу-джитсу бойынша жарыстар өткізіледі.
Азамат Бақытовтың ММА-дегі рекорды — 9 жеңіс, 0 жеңіліс. Сонымен қатар, ол Nomad Wrestling турнирінде екі мәрте чемпион атанған.