Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бокс

ҰОК

Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты 2026 аясында Қазақстан құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық боксшы Тәжікстан өкілі Шамшер Саидовпен кездесті. Тартысты өткен айқаста Төрехан төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.