Килиан Мбаппе ұлттық құраманы ауыстыру туралы пікір білдірді

Килиан Мбаппе ұлттық құраманы ауыстыру туралы пікір білдірді
Футбол

СЭ

Реал Мадрид клубы мен Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе басқа құраманы таңдау мүмкіндігі болған жағдайда қай елдің намысын қорғайтынын айтты.

Футболшының сөзінше, егер Франция құрамасында ойнамаған болса, Камерун құрамасы сапында өнер көрсетер еді. Ол балалық шағында камерундық мәдениетке жақын өскенін жеткізді.

«Мен алжирлікке қарағанда камерундық мәдениетте өстім, себебі сол жақтағы туыстарыма жақын болдым», — деді ол The Bridge басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ футболшы әзілмен:

«Көпшілік мені бұл елдерге бармаған деп ойлайды, бірақ мен Камерунда жиі болғанмын. Сондықтан Камерунда ойнайтын едім, ал інім Итанды Алжирге жіберер едім», — деп қосты Килиан Мбаппе.

Айта кетейік, Мбаппе Франция құрамасы сапында 90-нан астам матч өткізіп, 50-ден аса гол соғып, ұлттық команданың үздік сұрмергендерінің біріне айналды.