Қазақ теннисші кәсіби мансабындағы алғашқы титулына қол жеткізді

Қазақ теннисші кәсіби мансабындағы алғашқы титулына қол жеткізді
Теннис

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов кәсіби мансабындағы алғашқы титулына қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

18 жастағы отандасымыз Тунисте өткен ITF M15 санатындағы жарыстың жекелей сынында топ жарды. Финалда Әмір Омарханов бір апта бұрын өткен ITF M25 санатындағы жарыста жеңімпаз атанғаннеміс теннисшісі Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Жалпы, Әмір Омарханов ересектер арасындағы алғашқы титулына қол жеткізу үшін турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын жеңген.