Шайдоров Гран-Придің финалында бақ сынайды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Гран-При финалына жолдама алды, деп хабарлайды basssport.kz тілшісі.
Хельсинкиде биылғы маусымдағы Гран-При жарысының соңғы кезеңі аяқталды. Алты кезең қорытындысында Гран-При финалына қатысатын алты мәнерлеп сырғанаушының есімі белгілі болды. Отандасымыз Михаил Шайдоров 24 ұпай жинап, жалпы есептегі бесінші орынмен шешуші кезеңнің жолдамасына ие болды. Финалға шыққан спортшылардың толық тізімі төмендегідей:
1. Илья Малинин (АҚШ) - 30 ұпай;
2. Юма Кагияма (Жапония) - 30 ұпай;
3. Шун Сато (Жапония) - 28 ұпай;
4. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 26 ұпай;
5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 24 ұпай;
6. Дэниэль Грассль (Италия) - 20 ұпай.
Гран-При финалы 4-7 желтоқсан күндері Жапонияның Нагоя қаласында өтеді.